Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданында кәріз коллекторын жөндеу кезінде үш жұмысшы ауыр жарақат алды. Олар аммиактан уланған. Зардап шеккендердің екеуі құдықтан өз бетімен шыға алмаған, ал үшіншісі құтқарушыларды шақырған. Алғашқылардың бірі болып көмекке аудандық ТЖ бөлімінің бастығы Константин Боровиков пен әкімдік қызметкері Темірлан Кенисканов келіп, есі танған жұмысшыларды алып шығып, медицина қызметкерлеріне тапсырды.
КОНСТАНТИН БОРОВИКОВ, ГЛУБОКОЕ АУДАНЫ ТЖБ БАСТЫҒЫ:
— Арқанның көмегімен алдымен жағдайы ауыр қызметкерді көтердік, содан кейін екіншісін шығардық. Өрт сөндіру бөлімі келген соң, оларды жедел жәрдем көлігімен Глубокое аудандық орталық ауруханасына жеткіздік.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.