Үш адамның өліміне себепші болған Zeekr көлігінің жүргізушісі қамалды

Алматыда адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасына күдікті Zeekr көлігінің жүргізушісі ауруханадан тергеу изоляторына ауыстырылды.
Қоғамда резонанс тудырған апаттан кейін Ішкі істер министрі Ержан Саденов мәлімдеме жасап, бірқатар басшы қызметінен босатылғанын хабарлады.
Еске салайық, қайғылы оқиға 21 наурыз күні Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында болды. Zeekr көлігі қарсы бағытқа шығып кетіп, Mercedes автокөлігімен соқтығысқан. Оқиға салдарынан Mercedes жүргізушісі мен оның екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты.
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ:
«Үш адамның өліміне әкелген жол-көлік оқиғасына айыпты Zeekr көлігінің жүргізушісі тергеу изоляторына жеткізілді. Бұған дейін күдікті медициналық мекемеде болған еді. Сот санкциясымен қамалды».
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал