Арамызда жүрген қарапайым жандар, бірақ қырағылығы сақшыдан кем түспейді. Батыс Қазақстан облысында ел тыныштығын күзетуге бел буған 700-ге жуық ерікті азамат сапқа тұрды. Олар күндіз кеңседе немесе кәсіпте жүрсе, бос уақытында қала қауіпсіздігі үшін көзге көрінбейтін майданға шығады. Өңірде дәл осындай 35 қоғамдық құрылым құрылып, нағыз күшке айналып отыр. Ел тыныштығы мен қоғамдық қауіпсіздікке үлес қосуға ниеттілер тексерістен өткізіледі. Содан соң куәлік беріледі, аты-жөні кестеге енгізіледі. Ал енді ең қызығы бұл істің материалдық пайдасы да бар. Егер сіз заңбұзушылықты, мәселен, қоқыс тастау немесе көлікті дұрыс қоймау сияқты деректі бейнежазбаға түсіріп, құзырлы органдарға жолдасаңыз және сол бойынша айыппұл өндірілсе, соманың бір бөлігі сіздің қалтаңызға сыйақы болып түсуі мүмкін.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.