Атырауда қоқыс полигоны өртенді

Атырауда қоқыс полигоны өртеніп, қаланы жағымсыз иіс басты. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт түнде басталған. Қызыл жалынның аумағы қазір 2500 шаршы метрге дейін жетті. Өртті сөндіру үшін Төтенше жағдайлар департаменті мен арнаулы автобаза мекемесінен 35 техника мен 65 адам жұмылдырылған. Тілсіз жаудың неден тұтанғаны әзірге белгісіз. Өртті өшірген соң арнайы комиссия зерделейді. Жауаптылардың айтуынша, былтыр қала және аудандардағы полигондарда 12 өрт тіркелген.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал