Ақтөбе тұрғындары су қоймасының жағалауын қоқыстан тазартты

Ақтөбеде қала тұрғындары адамдар жиі баратын су қоймасының жағалауын қоқыстан тазартты. Күн жылынуына байланысты қазір мұнда демалушылар саны артқан. Алайда табиғатта өзін ұстау мәдениетінің төмендігі салдарынан жағалау маңында қоқыс көбейген. Осыған орай ұйымдастырылған «Таза жағалау» акциясы аясында су қоймасының айналасынан бірнеше тонна қоқыс шығарылды. Тазалық шарасына табиғи ресурстар басқармасының, «Қазсушар» мекемесінің, орман шаруашылығы мен балық инспекциясының жүзге жуық қызметкері қатысты. Ұйымдастырушылар қала тұрғындарын қоршаған ортаға ұқыпты әрі жауапкершілікпен қарауға шақырды. Ал «Таза Қазақстан» жалпыұлттық науқаны аясындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал