Шымкентте қалдықты бөлек жинайтын пилоттық жоба іске асырылып жатыр

Шымкентте қалдықты бөлек жинайтын пилоттық жоба іске асырылып жатыр. Бұл – қаладағы экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында және тұрғындар арасында тұрмыстық қалдықты сұрыптап жинау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған заманауи шешім. Жабық типтегі контейнерлік алаңда контейнердің түр-түрі бар. Қатты тұрмыстық қалдықты салатыны бөлек, Аралас қоқысқа бөлек. Тіпті пластик бөтелке, қағаз, пакетке бөлек жәшік тұр. Жоба «Таза Қазақстан» акциясы аясында, жеке инвестиция есебінен жүзеге асырылған. Алғашқы кезеңде 100-ге жуық контейнерлік алаң орнатылады. Айта кетейік, қалдық жалпы қоқыс полигонына емес, қайта сұрыптауға жіберіледі.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал