Бүгін – бүкіләлемдік денсаулық сақтау күні. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы биыл басты назарды медицина, ғылым және қоғам күштерін біріктіріп, адамның өмір сапасын арттыруға бағыттап отыр. Адамның күнделікті әдеттері, дұрыс тамақтану, физикалық белсенділік денсаулық үшін өте маңызды. Қазақстандықтар соңғы уақытта салауатты өмір салтын ұстануға бет бұрып жатыр. Жұрт таңертең жүгіріп, саябақта жаяу жүріп, спортқа залға барады, дұрыс тамақтануға мән береді. Кейбірі психикалық денсаулыққа көңіл бөліп, медитация мен йогаға қатысады. Жыл өткен сайын марафон жүгіретіндер қатары көбейіп жатыр.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.