Мораторий аяқталды: бензин мен жарық құны қымбаттай ма? | 07.04.2026

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

МАМАН ЖОҒАЛЫП КЕТТІ
Ескі Қалқұтан ауылында екі тәуліктен бері гидробекет қызметкері іздестіріліп жатыр. Өзендегі су деңгейін өлшеуге шыққан маман қайтып оралмаған. Дәл осы уақытта өзен тасып, елді мекен іргесіне су келген болатын.

ГАЗДАН УЛАНДЫ
Шығыс Қазақстан облысында кәріз коллекторын тазалап жатқан үш жұмысшы газдан уланды. Олар кәріз құдығынан шыға алмай қалған. Ес-түссіз жатқан жерінен құтқарушылар тауып, ауруханаға жеткізді.

АҚТАУДЫ СҰРАЙДЫ
Шерзат Полат ісі қайта қаралуы мүмкін. Жасөспірімнің өліміне кінәлі деп танылып, 7 және 15 жыл арқалағандар кассациялық сотқа шағым түсірді. Олар өздерін ақтап алуды сұрайды.

КӨМІРДЕН ТАРЫҚПАЙМЫЗ
Қазақстандағы көмір қоры кем дегенде 300 жылға жетеді. Дәл осы отын түрі бойынша әлемнің алдыңғы қатарлы 10 еліне еніп отырмыз. Енді бұл байлыққа дандайсымай, оны үнемді пайдаланудың жолын іздеу қажет.

АЙДЫҢ ҚҰПИЯ БЕТІ
Айдың арғы беті енді қолжетімді. Artemis II миссиясының экипажы тарихи рекорд орнатты. АҚШ ғарышкерлері жерден 406 700 шақырымға ұзап, Айдың ешбір адамзат баласы әлі көрмеген келбетін суретке түсірді.

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал