Фишингпен айналысқан қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды

Қаржылық мониторинг агенттігі жалған хабарлама таратып, фишингпен айналысқан қылмыстық топтың қызметін тоқтатты. Ұсталғандар SMS-бластерді пайдаланып, азаматтардың жеке дерегін иемденіп, ақшасын ұрлаған. Аталған құрылғы 300 метр радиуста күшті сигнал таратып, телефондардың қорғанысын әлсіреткен. Нәтижесінде, абоненттерге бірден жалған SMS-хабарлама келіп отырған. Бұл құрылғы байланыс операторларының қорғанысын айналып өтіп, сағатына 100 мыңға дейін хабарлама таратуға мүмкіндік берген. ТМД елдері аумағында осындай схеманың жолы кесілуі алғаш рет болып отыр. Қазіргі уақытта төрт күдікті қамалды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал