Ескертусіз айыппұл. Заңсыз есептелген миллион. Шымкентте кәсіпкерлер ілген маңдайшаны жарнамамен шатастырып, 260 миллион теңге айыппұл салынған. Сәулет басқармасының бұл әрекетін прокурорлар тоқтатып, төрт мыңнан астам бизнесменнің құқығын қорғап қалды. Енді кәсіпкерлер емес, заңсыздыққа жол берген басқарма басшысының өзі айыппұл төлейді. Ал негізсіз салынған айыппұл иелеріне қайтарылды.
ДӘУРЕН БИСЕНБАЕВ, ПРОКУРОР:
— Ондай жұмысты жасау барысында жергілікті атқарушы органдар жарнаманың иесіне: «Сіздер жарнаманы хабарлама бермей заңсыз пайдаланып, тиісті төлемақы төлемей отырсыздар, сол себепті осы заңбұзушылықтарды жойыңыздар», — деп тиісті ұсыным беруі тиіс. Сол ұсынымды бермеген, яғни кәсіпкерлердің орын алған кемшілікті жоюына мүмкіндік берілмеген.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.