Энергетика, көлік және логистика. Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Корея Президентінің арнаулы өкілі – Президент Әкімшілігінің басшысын қабылдады. Мәртебелі мейман Қазақстан Президентін Корея Республикасына шақырып, биыл қыркүйекте Сеулде өтетін «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммитіне қатысуға ұсыныс жеткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Корея көшбасшысының шақыруын ықыласпен қабыл алды. Мемлекет басшысы алдағы жоғары деңгейдегі келіссөздер екі ел арасындағы ынтымақтастықты жандандырып, ықпалдастықты арттыратынына сенім білдірді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.