Қарағанды облысында мектеп оқушысы қоқысты автоматты түрде сұрыптайтытын құрылға ойлап тапты

Қарағанды облысында оқушылар экологиялық мәселелердің нақты шешімдерін ұсынды. Олар өз жобаларын «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында өткен байқауда көрсетті. 80-ге жуық өтінімнің ішінен ең үздік 12 жоба финалға жолдама алды. Олар қалдықты қайта өңдеу, баламалы энергия және smart-технология бағыттарын қамтиды. Финалдағы ең ерекше жобалардың бірі – қоқысты автоматты түрде сұрыптайтын интеллектуалды станция. Бұл жобаны 10-сынып оқушысы әзірлеген. Құрылғы автономды түрде жұмыс істейді. Пайдаланушы қоқысты камераға жақындатса жеткілікті, жүйе оны анықтап, тиісті бөлікке бағыттайды.
ИМРАН ӘБСАДЫҚОВ, ОҚУШЫ:
— Жобамның ерекшелігі автономды және ештеңені қажет етпейді. Оны мектепке де, мекемеге де орнатуға болады, сол жерде тұрып-ақ қоқысты сұрыптай береді. Қалдықты бір контейнерге сала салатын адам осы құрылғы арқылы сұрыптауға тез дағдыланады.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал