Тараз гүлге оранды

Тараздағы жылыжайларда бір миллионнан астам гүл жайқалып өсіп келеді. Әсем гүлдер қаладағы гүлзарларды көркейту үшін отырғызылған. Өсімдіктерге гүл өсірушілер күтім жасайды: олар күн сайын топырақтың ылғалдылығын тексеріп, арамшөптерді жұлып, өсуі үшін тыңайтқыштар қолданады. Барқытгүл, петуния және тағы да 7 түрлі біржылдық гүл 3 айда өсірілген. Қазір олар саябақтар, скверлер және жол бойына отырғызылып жатыр. Қоғамдық орындар 15 мың түрлі түсті қызғалдақпен безендірілген.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал