Мәжіліс психологиялық көмек көрсетуді реттейтін заңды мақұлдады | 08.04.2026

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

ЕКІ АПТАЛЫҚ КЕЛІСІМ
АҚШ пен Иран ортақ тіл тапты. Бүгін түнде аяқталуы тиіс ультиматум уақытша күшін жойды. Қос тарап 14 күн бойы оқ атпауға келісім жасады. Кикілжіңді бейбіт жолмен шешуге Пәкістан арағайын болды.

СЫМСЫЗ ШАБУЫЛ
Қазақстанда кибершабуылдың жаңа түрі шықты. Алаяқтар арнайы құрылғыны көлікке салып, қаланы аралаған. Сөйтіп жүзден астам адамға жалған SMS хабарлама жіберіп, дербес деректерін ұрлаған.

КӘСІПКЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ
Ескертусіз айыппұл, заңсыз есептелген миллион. Шымкентте маңдайшаны жарнамамен шатастырған сәулет басқармасының маманы жауапқа тартылады. Негізсіз салынған 260 миллион теңге иелеріне қайтарылды.

ПСИХОЛОГ ОРТАҚ ТӘРТІПКЕ БАҒЫНАДЫ
Тәртіпке бағынған терапия. Психологтардың құқығы мен міндеті құжатпен бекітіледі. Мәжіліс психологиялық көмек көрсетуді реттейтін заңды мақұлдады. Енді маман иесі болу үшін диплом жеткіліксіз.

ҒҰМЫРЫ ҚЫСҚА ҚУАНЫШ
Лентасы қиылды, бірақ есігі ашылмады. Петропавлда қайтарылған заңсыз актив есебінен салынған балабақша 5 айдан бері жұмыс істемей тұр. Соның салдарынан ата-аналар балаларын басқа жаққа тасуға мәжбүр.

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал