Талапкерліктен докторанттыққа, қызығушылықтан кәсіби ғылымға бет бұрды. Алматылық жас ғалымдар суперкомпьютер мен жасанды интеллектіні пайдаланып, өнімділікті 3 есе арттырды. Виртуалды зауыт пен астрофизикалық модель жасақтаған жастардың жобасына тоқталамыз.
Дамир Жаңаберген осыдан бірнеше жыл бұрын қарапайым талапкер еді. Ал бүгінде докторант, студенттік команданың тәлімгері, талай ғылыми жарыстың жеңімпазы. Ол ғылымға студент кезінен қадам басқан. Сөйтіп, робототехникаға деген қызығушылығын біртіндеп кәсіби бағытқа айналдырған. Соңғы жылдары ол сияқты ғылыми жобаларға ден қойған жастар көбейіп келеді.
ДАМИР ЖАҢАБЕРГЕН, «ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ РОБОТОТЕХНИКА» ИНСТИТУТЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
– Бізде оқыту платформалары мен өнеркәсіптік роботтар бар. Біріншіден, виртуалды зауытта студенттер қарапайым нәрселерден бастап толықтай заводтық линияны құруға дейін меңгереді. Қытай, Италия, Франция, Америка, Германия мемлекеттерінде тағылымдамадан өтуге болады.
Қазір ол өзі білім беріп жүр. Жетекшілік етеді, студенттерді жарыстарға дайындайды және ғылыми зерттеулермен айналысады. Оның қоржынында түрлі жоба бар.
АЛДИЯР АҒИШЕВ, ҒАЛЫМ:
– Менің ғылыми зерттеу бағытым – астрофизика. Біз компьютер арқылы астрофизикалық модельдерді есептеп, олардың дәлдігін анықтаймыз. Сонымен қатар жаңа модельдерді құрастырумен айналысамыз. Осыы комьютердің нәтижесінде соңғы 2025 жылы өнімділігіміз 3 есе артты.
Жас ғалымдардың дамуына қуатты ғылыми база да ықпал етуде. Суперкомпьютер, жасанды интеллект, деректерге қолжетімділік – мұның бәрі бүгінгі білім беру процесінің ажырамас бөлігіне айналды. Осындай мүмкіндіктер студенттерге оқу бітіруін күтпей-ақ үлкен ғылымға араласуға жол ашуда. Бүгінде дәл осындай студенттерден елдің ғылыми элитасы қалыптасып жатыр.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.