ЖИ дәуірі киноға келді: Қазақстанда алғаш рет AI Film Festival өтеді

Кино әлеміндегі жаңа дәуір. Қазақстан жасанды интеллект көмегімен түсірілген туындыларды жинайды. Күзде елімізде халықаралық AI Film Festival өтеді. Бұл жай ғана көрсетілім емес, әлемдік креаторлар, сарапшылар мен технология алпауыттарының үлкен жиыны болмақ. Фестиваль бағдарламасында қысқаметражды фильмдер байқауы, халықаралық конференция және салалық пікірталас жоспарланған. Айта кетейік, Қазақстан қазір жасанды интеллект саласын енгізу бойынша Орталық Азияда көш бастап тұр. Халықаралық рейтингтерге сәйкес, еліміз аймақта ЖИ технологияларын дамытуға дайындық деңгейі бойынша бірінші орында. Алдағы ауқымды шара Қазақстанның креативті индустриядағы әлеуетін әлемге тағы бір мәрте паш етпек.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал