Көпбалалы ананы айуандықпен өлтірген күдікті ауруханадан изоляторға ауыстырылды

Жазадан құтылып кете ме? Ұлытау облысында төрт баланың анасын 20 жерден пышақтап, айуандықпен өлтірген адам ауруханадан ауыстырылды. Марқұмның жақындары күдікті денсаулығын сылтауратып, жауапкершіліктен жалтара ма деп қауіптеніп отыр.
Айта кетейік, тапа-тал түсте ер адам Ұлытау облысында төрт баланың анасын айуандықпен өлтірді. Марқұмның бірге тұрған азаматы күдікті деп танылды. Қайғылы оқиға Жәйрем кентінде болған. 42 жастағы әйелге 33 жастағы ер адам өз дүкенінің ішінде тиіскен. Туыстарының айтуынша, күдікті оған шамамен 20 рет пышақ салған. Қылмыстан кейін ер адам өзіне қол жұмсауға әрекет жасаған. Марқұм әйел төрт баланы жалғыз өзі асырап келген. Жеке кәсіппен айналысқан. Істі полиция тергеп жатыр.
АЛМАЗ САЛАМАТОВ, ПД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Жәрдем кентінде орын алған адам өлтіру фактісі бойынша полиция департаменті қылмыстық іс қозғады. Қазіргі таңда күдікті тұлға ауруханадан уақытша ұстау изоляторына ауыстырылды. Себебі қылмыс жасағаннан кейін ол өз өзіне қол жұмсаған. Тергеу жалғасуда.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал