Астанадағы емханада 675 млн теңге бюджет қаражатын жымқыру дерегі анықталды

Астанада емхананың бірінде 675 млн теңге бюджет қаражатын жымқыру дерегі анықталды. Тергеу мәліметінше, бұрынғы басшылық ұзақ уақыт бойы азаматтарды емдеуге бөлінген қаржыны заңсыз шығарып алып отырған. Онымен қоймай туған-туысының шоттарына аударыпты. Жымқыру әрекеті қаржылық аударым сияқты бүркемеленген. Ал ұрланған қаражаттың бір бөлігіне тұрмыстық техника сатып алуға жұмсаған. Бір бөлігіне Италияға сапарлапты.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал