Өскеменде 70 көшедегі 48 автожол учаскесі жөнделмек. Көлік жүргізушілерінің айтуынша, қаладағы жолдың жағдайы сын көтермейді. Көпшілігі әзілдеп: «Қармен бірге асфальт та еріп кеткендей», — дейді. Негізгі магистральдардың өзі шұрық-тесікке айналған. Қосалқы көшелерде апатты жағдай жиілеп, көліктер жиі істен шығатын болған. Соған қарамастан өткен жылы қаланың жолдарын жөндеу мен күтіп ұстауға бюджеттен 8 миллиард-қа жуық қаржы бөлінген. Қала әкімдігі бір қысқа төзбеген асфальт үшін жол компанияларына шағым түсірді. Биыл жол жабынына берілетін кепілдік мерзімін қайта қарау жоспарланған. Мердігерлерге асфальттың сапасын 5 жыл бойы бақылап, бүлінген жағдайда уақытында қалпына келтіру міндеттелмек.
МИХАИЛ ШЕМЕЛИН, КӨЛІК ЖӨНДЕУШІ:
— Қыстан кейін тіпті жол талғамайтын көліктің астыңғы бөлігі іске алғысыз болып қалады. Жолдың жағдайы нашар болғандықтан қосалқы бөлшегін жиі ауыстырамыз.
ӘМИНА ҚҰРМАНЖАНКЫЗЫ, ҚАЛА ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
— Қазіргі уақытта қаланың барлық ауданында дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Шұңқырларды инертті материалдармен уақытша толтырып жатыр. Шұңқырларды жөндеудің негізгі көлемі тұрақты жылы ауа райы орнаған кезде орындалады.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.