СҚО-да сәуір айы басталғалы 10-нан астам адамды кене шаққан

Еліміздің солтүстігінде сәуір айы басталғалы 10-нан астам адамды кене шағып алған. Ал оның үшеуі – бала. Эпедимиологтардың айтуынша, олардың барлығы уақытында дәрігер көмегіне жүгінген. Қазір ауруханада емделіп жатыр. Жауапты мамандар табиғат аясына демалуға шыққанда аса сақ болу керектігін ескертеді. Себебі мұның арты өлімге де әкелуі мүмкін. Жалпы, зиянкестің көбеюіне күннің күрт жылынуы себеп болып отыр. Осыған байланысты демалыс орындарында зарарсыздандыру жұмыстары басталды. Былтыр аймақта мыңға тарта азамат кенеден зардап шеккен. Жетеуінен кене энцефалиті індеті анықталды.
АРМАН КҮШБАСОВ, ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ М.А.:
— Айыртау ауданы эндемиялық аумақ болып есептеледі. Биыл мұнда 360 адамға екпе салу жоспарланып отыр. Бүгінге дейін 50-ге тарта азамат вакцина алып үлгерді. Сондай-ақ мұнда 59 гектар аумақ екі кезеңмен өңделеді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал