Бензин бағасы өспейді. Сенат кулуарында Энергетика вице-министрі осылай деп мәлімдеді. Санжар Жаркешовтің айтуынша, 1 сәуірден бастап мораторий аяқталғанымен, бензиннің күрт қымбаттауы байқалмаған. Шенеуніктің сөзінше, нарықтағы ахуалды Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мен әкімдіктер жанындағы өңірлік штабтар тұрақты бақылауда ұстап отыр. Олар бензин мен дизель отынының негізсіз әрі күрт қымбаттауына жол бермеуі тиіс. Вице-министр қазір жанар-жағармай бағасы мемлекеттік реттеуде емес, нарық заңымен қалыптасып отырғанын айтты. Сәйкесінше, баға сұраныс пен ұсынысқа байланысты. «Бізде жанармайдың қоры жеткілікті. Тапшылық жоқ. Демек, бағаның өсуіне де негіз жоқ», — деді вице-министр.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.