АҚШ НАТО-ның құрамынан шыға ма?

Иран Ормуз бұғазын қайта жапты. Осыған байланысты бүкіл әлем алаңдаушылық білдіре бастады. Ресми Тегеран бұған Израиль тарапының бітімді бұзуы себеп дейді. Вашингтонмен жасалған келісімге сәйкес, Ливанда атыс тоқтатылуы тиіс болатын. Алайда Израиль соңғы тәулікте Ливанға жойқын соққы берген. Бейрутте, Бекаа аңғары мен елдің оңтүстігінде «Хезболлаға» тиесілі 100-ден астам нысанға шабуыл жасалды. Операцияға шамамен 50 жойғыш ұшақ қатысқан. Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Иранмен жасалған бітім Ливанмен еш байланысы жоқ екенін алға тартып отыр. Ал АҚШ әзірге бұл қақтығысқа қатысты пікір білдірген жоқ. Ақ үйдің мәліметінше, Дональд Трамп НАТО Бас хатшысы Марк Рюттемен тарихи маңызы бар мәселені талқылайды. Әңгіме АҚШ-тың әскери альянстан шығуы туралы болады.
КЭРОЛАЙН ЛЕВИТТ, АҚ ҮЙДІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
— НАТО үшін бұл сынақ болды және олар оны еңсере алмады. Ұлыбритания мен НАТО-дағы өзге де одақтастар Ирандағы қақтығыс кезінде Америка халқынан теріс айналды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал