Әскерде жаңа технология: ЖИ-камера агрессияны анықтап, бірден хабар береді

Ұлттық ұланда жасанды интеллектімен тәулік бойы бейнебақылау жүйесі сынақтан өткізіліп жатыр. Технология әскери қызметшілердің іс-қимылын, эмоционалдық күйін бақылайды. Қазір №5573 әскери бөліміне қойылған. Жүйе тәулік бойы үздіксіз талдап, бірнеше функцияны қатар атқарады. Мәселен, сарбаз бойынан агрессия белгілері байқалса, жасанды интеллектіге негізделген жүйе бөлім командирлеріне, тәрбиешілер мен психологтарға мессенджер арқылы дереу хабарлама жібереді. Жоба тиімділігі дәлелденсе, жүйені өзге әскери бөлімге де енгізу жоспарланып отыр.
ӘЛІБЕК ӘБДІЛОВ, ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Жеке модульдер сарбаздардың мінез-құлқы үлгілері мен эмоционалдық жай күйін бақылауға мүмкіндік береді. Бұл психолог мамандардың жұмысын тиімді етіп, алдын алу шараларын дер кезінде қабылдауға жағдай жасайды. Сонымен бірге жүйе қару мен өзге қауіпті заттарды анықтау функциясымен жабдықталған, бұл қауіпсіздік денгейін едәуір күшейтеді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал