30 млрд теңге тойға жұмсалады: бұл дәстүр ме, ысырап па?

Ұлттық дәм туралы айтқанда, көл-көсір дастарқан, той елестейді емес пе? «Жиған-тергенің тойға шашылсын» дейді. «Қазақтың тойы бітпесін!» деп ұрандатып жатады. Әрине, тойды кім, қалай жасаймын десе де өз еркі. Дегенмен көрпеңе қарай көсіл деген де сөз бар. Бір жылда елімізде тек қана үйлену тойына 30 млрд теңге қаражат жұмсалыпты. Ал жалпы, барлық той-жиынға бару үшін бір адам шамамен 1 миллион теңге жұмсайды екен. Бірі ұлттық болмыс десе, бірі артық шығын деп есептейді. Халық пікірі қандай?
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал