Петропавлда ақиық ақын Мағжан Жұмабаев атындағы гүлзар аумағы тазартылды. Республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында өткен кезекті шараға жастар қатысты. Оларьсаябақ аумағында қыс бойы жиналған күл-қоқысты жинап, айналаны қалыпқа келтірді.
Жалпы, жыл басынан бері облыста ұйымдастырылған тазалық акцияларына 37 мыңнан астам адам қатысқан. Нәтижесінде, 400-ге жуық тарихи-мәдени ескерткіш, саябақ және демалыс орындары, аулалар ретке келтірілген. Ал алдағы үш айда өңірде 35 мың көшет отырғызылады. «Жалпы, мұндай шаралар экологиялық мәдениетті қалыптастырып, азаматтық жауапкершілікті арттыруға бағытталған жұмыстың бір бөлігі», — дейді ұйымдастырушылар.
АЛЕКСАНДР ЗЕЛЬ, АКЦИЯНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ:
– 50-ден астам адам жиналды. Бұл – университет студенттері мен «Жастар рухы» қанатының өкілдері. Қыстан кейін жиналып қалған қалдық өте көп. Сондықтан мұндай шараларды енді апта сайын ұйымдастырып тұруды жоспарлап отырмыз.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.