Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
ҚАРАЖАЛДАҒЫ ҚЫЛМЫС
Жазадан құтылып кете ме? Ұлытау облысында төрт баланың анасын 20 жерден пышақтап, айуандықпен өлтірген адам ауруханаға ауыстырылды. Марқұмның жақындары күдікті денсаулығын сылтауратып, жауапкершіліктен жалтара ма деп қауіптеніп отыр.
БЮДЖЕТ ҚАРЖЫСЫНА – ЖОЛДАМА
Емхана ақшасына Италияға саяхат. Астанада медицинаға бөлінген 675 миллион теңгені жымқырған басшы қамалды. Ол бюджет қаржысын туыстардың шотына аударып отырған. Ұрланған ақшаға, Еуропа шарлап жүрген кім?
КЕНЕ ҚАПТАДЫ
Солтүстікте кенеден қауіп күшейді. Сәуір айы тумай жатып 10-нан астам адам зардап шеккен. Эпидемиологтар кене энцефалитінің өлімге әкелуі мүмкін екенін ескертіп, дабыл қағып жатыр.
ӘСКЕРДЕГІ ЦИФРЛЫҚ РЕФОРМА
Ұлттық ұланда цифрлық реформа. Бөлімде орнатылған жасанды интеллект камерасы сарбаздың іс-қимылын талдайды. Қару-жарақты танып, қауіпсіздікті күшейтетін технология әскердегі әлімжеттіктің алдын ала ма?
БОТА ЕМЕС, БАТА АЛ!
Қазақтың батасы цифрлық форматқа көшеді деп кім ойлаған? Астанада өткен «Батамен ел көгерер» байқауында елдің түкпір-түкпірінен ақсақалдар телеграм-чатқа бейнежазба жіберіп, бата беріп, сайысқа түсті.
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.