Алматыда аэроғарыш саласының мамандары мен жастар ғарыштың болашағын талқылады. Ғылым күні мен Ғарышкерлер күніне арналған кездесу Ионосфера институтында өтті. Шарада Қазақстаннан алғаш болып турист ретінде ғарышқа ұшқан әйел Дана Қарағұсова сапардан алған әсерін әңгімелеп берді. Астрофизик-ғалым Дана Алинаның айтуынша, астрономия ғылымы жынысына, жасына немесе шыққан тегіне қарамастан кез келген адамға тартымды. Әсіресе жастар үшін сыры ашылмаған әлем. Кездесуге қатысушылар бұл ретте жаһандық ғылыми орта біз үшін біртіндеп ашық бола бастағанын айтты. Мысалы, Алматыдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары құрған YURT командасы былтыр NASA байқауының жеңімпазы атанды. Олар Юпитер орбитасында орналасатын 30 мың адамға арналған ғарыш станциясының жобасын ұсынған.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.