Павлодарлық оқушы TabAI көмекшісін жасап, Кремний алқабына шақырту алды

Павлодарлық мектеп оқушысы Игорь Мартынюк жасанды интеллект негізінде TabAI атты интеллектуалды көмекшісін ойлап тапты. Бұл цифрлық көмекші пайдаланушының мессенджері мен қоңырауын реттеп, ақпараттық жүктемені азайтуға көмектеседі. Бүгінде қосымшаны әлем бойынша 20 мың адам пайдаланып жүр.
Жас таланттың жобасы әлемдегі ең беделді Y Combinator стартап-акселераторының назарына ілікті. Олар Игорьдің Кремний алқабындағы оқу шығындарын толық өтеп берген. Қазіргі таңда IT қауымдастықтың дамуына үлес қосып жатыр.
ИГОРЬ МАРТЫНЮК, «TABAI» СТАРТАПЫНЫҢ АВТОРЫ:
— Y Combinator – ең беделді стартап-акселераторының бірі. Сондықтан олардың маған инвестор болуы – басқа инвесторлар үшін үлкен сенім белгісі. Егер қосымша қаржы қажет болса, оны табу оңай болады деп ойлаймын. Алдымен стартап мектебінде оқуды ұсынды. Бұл – Кремний алқабындағы екі күндік бағдарлама, содан кейін қайта сұхбат өткізіп, күзгі бағдарламаға қабылдау мәселесін шешеді.

Қазір мектеп оқушысы өз жобасын одан әрі жетілдіріп жатыр. Қосымшаны әлемдегі шамамен 20 мың қолданушы пайдаланады. Бұл – қолданушының әр қадамын күтпей, тапсырманы өздігінен түсініп, автоматты түрде орындайтын ақылды жүйе.

ИГОРЬ МАРТЫНЮК, «TABAI» СТАРТАПЫНЫҢ АВТОРЫ:
— Мәселе мынада, жұмыс цифрлық ортада шашыраңқы түрде жүреді. Бір нәрсе мұнда, екіншісі басқа жақта. Бәрін бақылап отыру керек. Мен сондай қосымша жасадым, ол саған не істеуің керек екенін реттеп береді, сенің бүкіл цифрлық ортаңның контексін түсінеді. мессенджерің, қоңыраудың бәрін қамтиды.

Оқушының жетістігі табандылық пен технологияға деген қызығушылықтың арқасында мектеп жасында-ақ әлемдік деңгейге жетуге болатынын дәлелдеп отыр. Оның талпынысына қарап, алар асуы алда екенін түсінуге болады
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал