Атырау облысындағы Жангелдин ауылында бір отбасының қаза болуына қатысты тергеудің жаңа мәліметі белгілі болды. Күдікті Ақбаян Мұқанғалиеваға стационарлық кешенді сот-психологиялық-психиатриялық талдау үшін Алматы қаласындағы Сот сараптамасы институтына жіберілді. Сондай-ақ негізгі күдікті Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты кешенді психиатриялық сараптама жүргізіліп жатыр. Әзірге қорытындысы шыққан жоқ. Бұл туралы облыстық прокуратура хабарлады. «Күдіктілердің іс-әрекетіне құқықтық баға барлық мән-жай анықталғаннан кейін беріледі», — делінген облыстық прокуратураның ресми мәлімдемесінде.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.