Алматы облысында оқушы қызға сегіз жігіт екі ай бойы зорлық көрсеткен

Алматы облысында 15 жастағы оқушы қызды сегіз жігіт екі ай бойы бопсалап, зорлық көрсетті деген күдікпен қылмыстық іс қозғалды. Жәбірленушінің айтуынша, күдіктілер әлеуметтік желі арқылы танысып, оны ағасына айтамыз деп қорқыту арқылы кездесуге мәжбүрлеп келген. Бұл жантүршігерлік жағдай мектеп директорының қырағылығының арқасында әшкереленіп, қыздың қамқоршысы полицияға ресми арыз түсірді. Қазіргі таңда оқиғаға қатысы бар делінген екі күдікті қамауға алынып, тиісті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Алдын ала мәліметтерде тараптар арасындағы қатынастың сипаты зерттеліп, қылмыстың нақты мән-жайы анықталуда.
ЕРНАР САЙДІЛДИН, ОБЛЫСТЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті тұлғалар шеңбері анықталып, олардың екеуі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қалған күдіктілерге қатысты тергеу әрекеттері жүргізілуде. Барлық тараптың уәжі мұқият тексеріледі. Жәбірленушіге қандай да бір қысым немесе қауіп-қатер көрсетілмеген.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал