БҚО бойынша 700 аулада бейнекамера жұмыс істейді

Батыс Қазақстан облысы бойынша 700 аулада бейнекамера жұмыс істейді. Соның 300-і аналитикалық функциямен жабдықталған. Өңірдегі жедел басқару орталықтары мен полицияның кезекші бөлімдерінде 6 630 бейнекамера қосылған. Жыл басталғалы жедел басқару орталығы арқылы 8 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықтың алды алынған. Алайда бағаналарда ілініп, босқа тұрғандары да бар. Олар әлдеқашан басқару жүйесінен ажыратылған. Қала бойынша олардың жалпы саны 400-ге жуық. Кезінде қыруар қаражат бөлініп, қоғамдық қауіпсіздік сақтау үшін орнатылған бейнекамералар қолдану мерзімі өтсе де, 3 жылдан бері орнынан алынбаған. Қолданыста жоқ құрылғылардың қашан жиналатынын полиция да нақты айтпады.
НҰРЖАН ҚУАНҒАЛИ, БҚО ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:
— «Қауіпсіз аула» жүйесімен орнатылған бейнекамералардың тозуына және пайдалану мерзімінің аяқталуына байланысты 2023-2024 жылдары қондырғы полиция департаментінің есебінен шығарылды. Алдағы уақытта демонтаж жұмыстары жүргізіледі.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал