Жамбыл облысында 400-ге жуық мопед айыппұл тұрағына қойылды. Жартысынан көбі тіркеусіз жүрген. Бұл – «Мотокөлік» жедел-профилактикалық іс-шарасының төрт күндік қорытындысы. Осы уақыт аралығында ереже бұзудың 900 дерегі анықталған. Көбі тротуармен жүреді, қарсы бағытқа шығады, жылдамдықты асырады, телефонмен сөйлеседі, жүргізуші куәлігінсіз, іпті мас күйінде көлік жүргізеді. Былтыр облыста мотокөлік иелері 88 рет апатқа ұшыраған. 10 адам қаза тауып, 103 адам түрлі жарақат алған.
ЕРЖАН МАНАНБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Мотокөлікті масаң күйде басқару фактілеріне ерекше назар аударылды. Аталған құқық бұзушылық үшін бес жүргізуші жауапкершілікке тартылып, қазіргі таңда сот шешіміне сәйкес 15 тәулік әкімшілік қамаққа алынып, 7 жылға дейін жүргізу куәліктерінен айрылды. Сонымен қатар тіркелмеген мопедтерді басқарғаны үшін 163 жүргізуші ал жүргізу куәлігінің болмауына байланысты тағы 145 жүргізуші жауапкершілікке тартылды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.