Түркістан облысында жер қойнауын заңсыз пайдалану мәселесі әлі де өзекті күйінде қалып отыр. Жыл басынан бері өңірде рұқсатсыз жүргізілген 22 қазба орны анықталған. Жалпы алғанда, облыста 220-дан астам кәсіпкер пайдалы қазбаларды игерумен айналысады. Қазір оларға қойылатын талап күшейген. Тиісті органдар кен орындарына тексеріс жүргізіп, заң бұзғандардың жер телімдерін мемлекет меншігіне қайтаып жатыр. Алайда қанша күш салса да, заңсыз әрекеттердің тыйылар түрі жоқ. Биылдың өзінде мұндай заңбұзушылықтар салдарынан мемлекетке 550 миллион теңгеден астам шығын келген. Бұған қоса, кейбір құқықбұзушылар тек заңсыз қазба жұмыстарымен шектелмей, жол қозғалысы ережелерін де өрескел бұзған. Нәтижесінде, полиция қызметкерлері жыл басынан бері 64 жүк көлігі мен 6 арнайы техниканы айыптұраққа қойған.
НҰРЛЫБЕК ИСАЕВ, ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
— 2025 жылы 35 жер қойнауын пайдаланушының 123 мың га жерін, 2026 жылдың басынан бері 3 жер қойнауын пайдаланушының 501 мың га жерін мемлекеттің геологиялық жер қойнына қайтарылды.
АРМАН ТІЛЕНШИН, ПД БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:
— Полиция департаментімен жүргізілген жедел профилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде 51 заңсыз жер қойнауын пайдалану дерегі анықталды. Кентау, Сауран, Сарыағашта ең көп деректер анықталған. Сайрам, Қазығұрт, Жетісай аудандарында 5 деректен, Мақтааралда – 4, Ордабасы – 3, Келес, Отырар аудандарында – 2 деректен, Созақ пен Шардарада бір-біреуден анықталды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.