Сарыөзенде қалың ақбөкен суға батып, қырылған. Оқиға Батыс Қазақстан облысының Қазталов ауданынан анықталды.
«Бұл қалыпты құбылыс», — дейді мамандар. Өйткені киіктің дені қыстан кейін әлсіреп қалады. Қазір мамандар өлекселерді жинап, жойып жатыр. Осы уақытқа дейін 1600-ден астам ақбөкен қырылған. Дәл осындай үрдіс жылда қайталанады. Кей жылдары қырылған киік саны 5 мыңнан асып түседі. Дегенмен, жануарлардан сынама алынып, зертханаға жөнелтілді. Айта кетейік, былтыр өңірде жалпы киік саны 2 млн 300 мыңға жеткен. Келесі аптада жоспарлы санақ жүргізіледі.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.