Алматы облысында оқушы қызға сегіз жігіт екі ай бойы зорлық көрсеткен | 10.04.2026

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ ӨТЕДІ
Саяси жүйені қайта құру басталды. Құрылтай сайлауы тамызда өтеді. Президент саяси партияларға дайындық үшін 5 ай уақыт беріп, бұл науқан қоғамдағы оң «ментальды» өзгерістермен ұштасуы тиіс екенін атап өтті.

БОПСАЛАУ МЕН ЗОРЛЫҚ
Алматы облысында сегіз жігіт мектеп оқушысын екі ай бойы қорлаған. Жетім қызды бопсалап, зорлық көрсеткен топтың әрекеті әшкере болды. Қорғансыз қызды мектеп директоры арашалады. Күдіктілерді қандай жаза күтіп тұр?

КИІК ҚЫРЫЛДЫ
Киіктердің қырылуы табиғи заңдылық па әлде қауіп пе? Батыс Қазақстан облысында 1600-ден астам ақбөкеннің өлексесі табылды. Бұл биылғы санаққа қалай әсер етпек? Құзырлы орган мәлімдеме жасады.

МЕТРО ҚҰРЫЛЫСЫ
Алматы метросы батысқа бет алды. «Қалқаман» станциясының құрылысы рекордтық мерзімде аяқталды. 2 жылдық жұмысты 11 айда бітірген құрылысшылар қандай тәсіл қолданды? Әлде бұл жер астындағы заманауи техниканың мүмкіндігі ме?

АҚЫЛДЫ ОҚУШЫ
Кремний алқабын елең еткізген павлодарлық оқушы. Жасөспірім ойлап тапқан ақылды жүйе әлемдегі 20 мың қолданушының басын біріктірді. Әлемнің ІТ нарығын бағындырған қазақстандық стартаптың ерекшелігіне тоқталамыз.

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал