Қ. Тоқаев пен Ш. Мирзиёев Бұхарада бірқатар нысанды аралады

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға жұмыс сапары аяқталды. Оны Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Бұхара әуежайынан шығарып салды. Сапар барысында екі ел көшбасшылары MERGANTEKS мақта-тоқыма кластеріне барып, толық циклді заманауи өндірістің жұмысымен танысты. Кәсіпорын халықаралық стандарттарға сай өнім шығарып, бірқатар елге экспорт жасап отыр. Сондай-ақ президенттер Бұхараның тарихи орындарын аралап, Арк қамалы мен Ляби-хауз кешені сияқты көне ескерткіштерді көрді. Бұдан бөлек, мемлекеттер басшылары Бахауддин Нақышбанди кесенесіне зиярат етіп, бауырлас халықтарға бейбітшілік пен амандық тіледі.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал