Қарағанды полициясы 10 жасар балаға жұдырық жұмсаған ерлі-зайыптыны бөлімшеге жеткізді. Әуелі ауладағы ойын балаларының арасында болған кикілжің ересектердің төбелесіне ұласқан. Өкпелеп қалған балғын телефон арқылы көмек сұраған. Оқиға орнына дереу жеткен әкесі бөтен баланы ашу үстінде ұрып жіберген. Бейнебақылау камерасында баланың ұшып түскені байқалады. Осыдан кейін тараптар бір-біріне шағымы жоқ екенін айтқан. Алайда ер адамға «ұсақ бұзақылық» бабымен әкімшілік хаттама толтырылды.
БАҚЫТЖАН ҚҰДИЯРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Аталған дерек бойынша полицияға арыз шағым түспеген. Соған қарамастан, полиция қызметкерлері оқиғаға қатысқан барлық тұлғаның жеке басын жедел анықтап, мән жайды анықтау үшін оларды полиция бөліміне жеткізді. Қазіргі уақытта жанжалдың туындау себептері мен оған ықпал еткен жағдайларды анықтауға бағытталған кешенді тексеру жүргізілуде.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.