Астанадағы өрттен зардап шеккен әйел адамның жағдайы ауыр

Астанада үш бірдей баланың өмірін жалмаған тұрғын үйдегі өрт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Еске салайық, қайғылы жағдай 12 сәуір күні түнде болды. Көпқабатты баспананың 15-қабатындағы пәтерден өрт шыққан. Оқиға орнынан үш баланың денесі табылды. Ал күйік шалған әйел құтқарылып, ауруханаға жеткізілді. Оның жағдайы ауыр. Құтқарушылар жоғары қабаттардан 20 адамды эвакуациялап, тағы 40-қа жуық тұрғын өз бетінше сыртқа шыққан. Қала әкімдігі зардап шеккен әйелге және қаза болғандардың отбасына қажетті көмек көрсетілетінін мәлімдеді. Мамандардың айтуынша, өрт ошағына жету оңай болмаған.
МАРАТ САБЫРОВ, ДӘРІГЕР:
— Науқас шокқа қарсы палатаға жеткізілді. Травматолог, лор дәрігермен, анестезиолог, таксикологпен қаралып, реанимациялық бөлімшеге жатқызылды. Қазір науқастың жағдайы ауыр. Емнің бәрін алып жатыр.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал