Яна Легкодимова ісі: сотталғандарды түрмеге жіберу үшін арнайы қарауылды күтіп отыр

«Яна Легкодимованы өлтірді» деп сотталғандарға қатысты жаңа мәлімет. Әлі күнге дейін Атыраудағы абақтыда отырған екі сотталушыны этаппен түрмеге жіберу үшін Ұлттық ұланының арнайы қарауылы қажет. Өтінім берілді. Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы осылай хабарлады. Оның айтуынша, арнайы қарауыл бөлінген соң, олар жазасын өтеу орнына кезең-кезеңімен жөнелтіледі. Бұл мәселені өткен аптада марқұмның анасы көтерген.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал