Трамп бұйрығы: Иран порттарына қатынайтын кемелер блокадаға алынады

Иран порттарынан шыққан немесе кіретін барлық кеме тоқтатылады. Президент Дональд Трамп АҚШ теңіз күштеріне осындай тапсырма берді. «Бұл Иранның мұнай экспортын шектейді», — дейді Ақ үй басшысы. Сонымен қатар АҚШ президенті бұл операцияға одақтастары қосылуы мүмкін екенін де жеткізді. Алайда Ұлыбритания блокадаға қатыспайтынын мәлімдеді. Тұманды Альбион бұғаздың қайта ашылуы үшін бөлек операция жүргізуге ниетті.
ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:
— Әлемдегі ең үздік флот – Америка Құрама Штаттарының әскери-теңіз күштері Ормуз бұғазына кіруге немесе одан шығуға тырысқан кез келген кемені блокадаға алу процесін бастайды. Бірақ Иран оған тосқауыл жасап отыр. Мен флотымызға халықаралық суларда Иранға баж салығын төлеген әрбір кемені анықтап, тоқтатуды тапсырдым. Сонымен қатар ирандықтар бұғазда орнатқан миналарды жоюды бастаймыз. Бізге немесе бейбіт кемелерге оқ атқан кез келген ирандықтың көзі жойылады.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал