Таяу шығыста жаңа президент сайланды. Иракта өткен саяси науқанда Күрдістан патриоттар Кеңесі атынан түскен Низар Амиди жеңіске жетті. Саяси додаға барлығы 18 үміткер қатысып, Амиди депутаттардың 227 дауысына ие болды. Ол – Ирактың алтыншы мемлекет басшысы. Саяси күрделі жағдайда өз қызметін «Ең алдымен Ирак» қағидаты негізінде жүргізетінін атап өтті. Сондай-ақ елге қарсы бағытталған шабуылдарды айыптап, соғысты тоқтатуға бағытталған күш-жігерді қолдайтынын білдірді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.