Венгриядағы сайлауда оппозициялық саясаткер Петер Мадьяр жеңіске жетті

Венгриядағы соңғы сайлауда оппозициялық саясаткер, «Тиса» партиясының жетекшісі Петер Мадьяр жеңіске жетті. Осылайша, Мажар жұртын 16 жыл билеген премьер-министр Виктор Орбан тақтан тайды. Бұл нәтиже Венгрияның саяси өміріндегі тарихи өзгеріс. Сайлаудың ресми нәтижелері 18 сәуірге дейін толық жарияланады. Дегенмен соңғы есепті күтпей-ақ Орбан қарсыласын жеңісімен құттықтап үлгерді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал