Елімізде бала бағып отырған декреттегі аналарға жәрдемақы түспей жатыр. Осылай деп дабыл қаққан келіншектер мәселені әлеуметтік желіде талқылауда. Әр айдың онына дейін төленуі тиіс қаражат бұл жолы неге кешіктірілді?
Елімізде декреттегі аналарға төленетін жәрдемақы кешіктіріліп жатыр. Соңғы күндері әлеуметтік желілерде шағым көбейді. Thread’s қолданушыларының айтуынша, әдетте ай сайынғы төлем 10-на дейін түсетін. Алайда бұл жолы қаржы уақытында аударылмаған. Астана, Алматы, Ақтау және Ақтөбе қалаларынан осындай арыз-шағымдар түсіп жатыр.
Желі қолданушылары жәрдемақының кешігуі күнделікті тұрмысқа кері әсер етіп жатқанын айтады. Сонымен қатар Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының байланыс желісіне хабарласу да қиынға соққан. 1414 нөміріне қоңырау шалғандар жауап ала алмай отырғанын жеткізді. Мәселенің мән-жайын анықтау үшін Еңбек және хзалықты әлеуметтік қорғау министрлігіне хабарластық.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.