Сайрам ауданы Ақсу ауылының тұрғыны тұрмыстық қалдықты тиімді кәдеге жаратып, табысты жобаны жүзеге асырып отыр. Тұрғындар арнайы контейнерлерге пластик, шыны, қағазды бөлек жинайды. Әр тапсырылған қалдықтың келісі үшін оларға 120 теңгеге дейін ақы төленеді. Ал жиналған қоқысты цехта сұрыптап, тазартып, тығыздап, өңдеуші зауыттарға жөнелтеді. Қазір аудан бойынша 100-ге жуық контейнер қойылып, 1000-ға жуық абонентпен келісімшарт жасалған. Осылайша жылына 500 тоннадан астам қалдықты өңдеуге жол ашылып отыр. Жоба «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында жүзеге асырылуда.
ВЛАДИСЛАВ ГОЛЯРКО, КӘСІПКЕР:
— Пластик жинап, кейін оны өңдейміз, одан материал шығарамыз. Пластик, макулатура, шыны, пакет, алюминий банкалар, микросхема, пакет, трубаларды қабылдаймыз. Жеке секторларға қапшықтарды береміз, олар жинайды, біз бейсенбі күні алып кетеміз. Ал сенбі күні қоқыс шығаратын компания келіп, өңдемейтін қалған заттарды полигонға алып кетеді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.