Оралда 2 мыңға жуық қызметкер қала тазалығына кірісті

Оралда бір мезгіл кеңсе мен кассаны күрекке ауыстырған 2 мыңға жуық қызметкер қала тазалығына кірісті. Бұл шара «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы шеңберінде ұйымдастырылды. Өңірді абаттандыру және көгалдандыру ісіне коммуналдық мекемелер мен кәсіпкерлік нысандары да жаппай атсалысуда. Бұл жолы қыстан кейін қар астынан шыққан қалдық жинастырылды. Барлығы 280 текше метр қоқыс сыртқа шығарылып, айнала мұнтаздай тазарды. Мұндай санитарлық шараны аптасына екі рет өткізілу жоспарланып отыр.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал