Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
БАЛАҒА ҚОЛ КӨТЕРДІ
Ауладағы ойын балаларының арасында болған кикілжің ересектердің төбелесіне ұласты. Қарағандыда өкпелеп қалған балғын телефон арқылы көмек сұраған. Оқиға орнына дереу жеткен әкесі бөтен баланы ашу үстінде ұрып жіберген.
ХАЛІ МҮШКІЛ
Астанадағы өрттен зардап шеккен әйел адамның жағдайы ауыр. Ол әлі жансақтау бөлімінде жатыр. Өртенген тұрғын үйден үш баланың денесі табылған болатын. Жергілікті билік олардың отбасына көмектесетін болды.
ЖӘРДЕАМҚЫ СҰРАЙДЫ
Бала бағып отырған аналар декреттік төлемді ала алмай отыр. Қазақстандық келіншектер жәрдемақысыз қалдық деп шағымданды.
МҰНАЙ ТАҒЫ ҚҰБЫЛДЫ
Brent маркалы мұнай бағасы қайта құбылып, баррелі 100 доллардан асты. Бұл – АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздің нәтижесіз аяқталуының салдары. Ормуз бұғазы бұғатталды. Дональд Трамп Иран портын түгел қоршауды бұйырды.
ЖҰРТҚА ТАЛАС
Солтүстік Қазақстан облысында үш-төрт отбасы ғана қалған ауылдар әлі бар. Болашағы бұлыңғыр елдімекендерді жергілікті билік не істерін білмей дал. Ал ондағы санаулы тұрғын атақоныстан көшуге үзілді-кесілді қарсы.
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.