Елордада болған қайғылы жағдайға қатысты тағы бір дерек. «Көркем 3» тұрғын үй кешеніндегі өрттен қайтыс болған балалар жер қойнына тапсырылды. Бір үйдің үш баласы бір жерге жерленді. Олардың үлкені – 13, ортаншысы – 8, кенжесі екі жаста. Бұл оқиға қаймана жұрттың қабырғасын қайыстырды. Қаралы жиында балалардың әкесі көзіне жас алды. Өйткені олардың аналары әлі жансақтау бөлімінде, есін жиған жоқ. Денесінің көбін күйік шалған келіншекті дәрігерлер ажалдан арашалауға тырысып жатыр. Айта кетейік, өрт сөндірушілер жалын шарпыған үйдің ауласына кіре алмай 20 минут бөгелген. Құтқарушыларға көлденең қойылған көлік кедергі келтірген. Салдарынан жанып жатқан пәтерге кідіріп жеткен мамандардың әйел адамды ғана құтқаруға мұрсаты болды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.