Павлодар қаласында жер қазып жатқан екі жұмысшы көз жұмды. Олардың үстіне топырақ опырылып түскен. Құтқару тобы олардың денесін 6 метр тереңдіктен алып шықты. Оған дейін кәсіпорын жұмысшылары бір адамды, өз күштерімен құтқарып алған. Кейін құтқарушылар топырақ астынан тағы екі зардап шегушіні аман алып шықты. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
ЖАНАР БІЛӘЛОВА, ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Еңбекті қорғау ережелерін бұзу фактісі бойынша полиция тарапынан сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.