Ақмола облысында алты ауыл 30 жылдан бері жол азабын тартып отыр. 1300-ден астам тұрғын әкім-қаралардан көмек сұрайды. Айтуларынша, қыста бораннан көз ашпаса, көктемде белуардан батпаққа батады. Ал жаз шықса, ойдым-ойдым жолға түседі. Тозығы жеткен жолмен жедел жәрдем де жүруге құлықсыз көрінеді. Ал бұл ауылдар облыс орталығынан небәрі елу шақырым жерде орналасқан. Тұрғындар мәселені талай көтерген. Алайда түйткіл, әлі шешілмей отыр. Зеренді ауданы әкімдігінің өкілдері мәселеден хабардар.
СЕРІК ИСАХАНОВ, ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— 2024 жылы мемлекеттік сатып алу туралы заңға сәйкес конкурс рәсімдері өткізілді. Осы конкурс нәтижесінде Қызылорда қаласында орналасқан «Дорстрой» ЖШС жеңімпаз деп танылды. Алайда мердігер өзіне алған міндеттемелерін орындамағандықтан, бөлінген 200 миллион теңге көлеміндегі бюджет қаражаты мемлекеттік бюджетке қайтарылды. Қазіргі таңда жаңа сметалық-жобалық құжаттама дайындалды, ол сараптамаға жіберіледі.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.