Ақтөбе облысы Тоқмансай ауылының мектеп директорына қарамағындағы қызметкерлері шағымданды

Ақтөбе облысы Тоқмансай ауылының мектеп директорына оның қарамағындағы қызметкерлері шағымданды. Мектеп ұжымы білім басқармасына арызданып, директордың мұғалімдерге оқу жүктемесін заң талаптарын бұза отырып бөлетінін, дөрекі сөйлейтінін жазған. Тіпті асханада самса мен тәтті сатуды ұйымдастырған. Ал түскен табысты өзі алып отырған. Негізі мұндай өнімді мектеп ішінде сатуға тыйым салынған. Шағым түскеннен кейін облыстық білім басқармасында арнайы комиссия құрылып, тексеру жүргізілді.
НҰРГҮЛ БЕРТІЛЕУОВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Жұмыс тобы арызда баяндалған істің мән-жайының барлығын толығымен зерделеді. Зерделеу барысында кейбір орын алған фактілер ішінара расталды. Оның ішінде мектеп директорының өзінің қызметін асыра пайдаланушылық және ұжымдағы жайсыз атмофералық жағдай анықталды. Зерделеудің қорытындысы бойынша Тоқмансай орта мектебінің директоры өзінің лауазымынан босатылды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал